Қараңғы

Қазақ жұрты әнші-композитор Ескендір Хасанғалиевты ақтық сапарға шығарып салды (02.05.21) 

Рет қаралды 989 М.
95% 9 415 475

#ЕскендірХасанғалиев #ЕскендирХасангалиев #әнші
Қазақ жұрты белгілі композитор, әнші Ескендір Хасанғалиевты ақтық сапарына шығарып салды. Аңыз тұлға, елдің еркесі, құрметті азаматы 82 жасына қараған шағында өмірден озды. Өз ғұмырында қазақты өміршең әнімен тербеп кетті. Бірігей туындылары алтын қордан орын алды. Өшпес ізі қалды. Қаралы митингте Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова Президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың көңіл айту жеделхатын оқып беріп, оны марқұмның баласы Біржанға табыстады, деп хабарлайды Almaty.tv.
«Ескендір Өтегенұлының өмірден өтуіне байланысты көңіл айтамын. Ескендірдің қоңыр дауысты, әнші және жан тебірентерлік әндер шығарған композитор ретінде халқымыз өте жақсы көрген еді. Ұзақ жолғы шығармашылық жолда жемісті еңбек етіп, отандық музыка өнерінің дамуына қосқан үлесі өте мол», - деді ҚР Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова.
«Оның шығармашылығы, дауысы, үні, жазған әндері алтын қорда мәңгілікке сақталады. Менің оған күмәнім жоқ. Бүгінгі барша келген ағайындарға, дәрігерлерге, жолдастарымызға анам екеумізді осындай қиын жағдайда келіп отырғандарыңызға алғыс айтамын», - деді Е. Хасанғаливтың ұлы, әнші Біржан Хасанғалиев.
Қоштасуға келгендер алдымен жұбайы Дарико Хасанғалиеваға көңілге демеу болар сөзін арнап, қайғысын бөлісті. Өнерге жоғары талғаммен қарайтын Ескендір Хасанғалиевтың өмірдегі қарапайымдылығы мен азаматтығын сағынышпен еске алды.
«Мен былтыр бір келген кезде мыңға жуық әнім бар деп отыратын. Оның әндерінің ішіндегі көпшілігі халық ішінде кең тарағаны сондай, кейбірі халық әні секілді болып кетті. Ескендірдің әні екенін білмеуі мүмкін, халық айтып жүреді бірақ. Бұл да болса, халықтың адамы екеніне тағы бір дәлел», - деді Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Ақан Әбдуәлі.
«Ескендір ағаның әні ешқашан ескірмейтін өміршең шынайы әндер. Бойыңдағы рухыңды тасытатын, елге деген махаббатыңды биіктететін әндер. Егер қазақ өнерінің қайраткері қандай болады десе, біз үшін Ескендір аға жарқын үлгі. Композитор тұрғысында да, азамат тұрғысынан да, әке тұрғысынан да рухани әлемімізде бұл кісі бізге эталон болып қалады», - деді режиссер Асхат Маемиров.
Ескендір Өтегенұлы - лирикалық баритон, композитор, музыкант, Қазақ КСР-ның Халық әртісі және Қазақстанның мемелекеттің сыйлығының иегері. Оның «Әдемі-ау», «Асыл арман», «Өмірімнің жазы», «Атамекен» әндерін тек еліміздің тыңдармандары ғана емес, шет елдіктер де зор ықыласпен қабылдады.
«Қазақтың бағына туған тұлғадан айрылып отырмыз. Жалғыз «МузАрт» тобы емес, өнер майталмандарының баршасы, тіпті алыс-жақын шет елдердегі басқа ұлт өкілдеріне дейін ағамыздың әуезді әндерін шырқады. Ағамызбен бірнеше рет дастархандас болдық. Көркем мінездің, имандылықтың, қарапайымдылықтың нағыз тұғыры биік тұлғаның үлгісі еді. Қимаймыз ағамызды», - деді әнші Сәкен Майғазиев.
Оның күйсандығы да микрофоны да өзі де үнемі бабында болды. Еліне деген махаббатын әнімен паш еткен патриот композитор. Өз әндерін шебер орындауымен ерекшеленетін халық әртісі атанды. Ең жоғарғы мемлекеттік марапат «Отан» орденін иеленген қазақ ән өнерінің мэтрі. Ескірмейтін жүректің иесі осылайша әр қазақтың жүрегінде естелік болып қалды.
Бұған дейін Ескендір Хасанғалиев пен жұбайы Дарико Хасанғалиева коронавирус жұқтырып, ауруханада жатқан еді. Кейінірек әншінің ұлы Біржан халық әртісінің жағдайы күрт нашарлағанын хабарлаған болатын. Осылайша қауіпті кесел қазақтың мәдениетін тағы бір мәрте ойсыратты.
Ал, оның денесі Алатаудың етегіндегі Кеңсай зиратынына жерленді.
Қоштасуға жиналғандар өнер иесінің төл құжатына айналған туындысымен шығарып салды.
Наш сайт - www.almaty.tv/
Телеканал Алматы в социальных сетях:
1 канал KZvid - kzvid.info
2 канал KZvid - kzvid.info
Facebook RUS - almaty.tv
Facebook KAZ - almaty.tv.kaz
Twitter - almaty_tv
Instagram - almaty.tv

Жарияланды

 

2021 ж. 2 Мам.

Бөлісу:

Link:

Жүктеу:

Жүктеу.....

Мұнда қосу:

Менің ойнату тізімдерім
Кейін көру
Пікірлер 100   
Алаш
Алаш 4 күн бұрын
Өлеңмен, азансыз кетті ағамыз, Билеп, намазсыз кетті ағамыз, Маңдайы сәждеге тимей кетті, Оразасыз, қажылықсыз кетті ағамыз, Қандай өкініш...
Санди Каракозина
Әнші Компазитор Ағамыз Іскендір Хасанғалиев нар тұлға еді, ерекше өзі басқа бір Тұлға еді,Иманы жолдас болсын,Иманды болсын,Төрі Жаннатта болсын, Мәңгі Жүрегімізде Өзіде,салған әніде Мәңгі Жүрегімізде сақталады. Топырағы торқа болсын.🙏🤲❤
Шухрат Курбанов
Шухрат Курбанов 6 күн бұрын
Қорқынышты қазақтар бұл өлімдер . Қазақтар Арабстан емес
БАКТЫГУЛ БАЙМУКАНОВА
Оралдық жерлестеріңіз ешқашан ұмытпайды. Алла алдынан жарылқасын əкемізді
мади мукажанов
мади мукажанов 6 күн бұрын
Иманды болсын!
Алия Калмурзина
Алия Калмурзина 6 күн бұрын
Өз заманымда Ескендір ағаның көзі тірісінде бетпе-бет көре алмағаным өкінішті-ақ. Әндерін сүйіп тыңдаймын, айтамын. Жаныңыз пейіштің нұрына бөленсін!
B G
B G 6 күн бұрын
Коронавирустан қаза болғандарды жеке зиратқа жерлемейма? Үстіне ақ порошок шашып, теледидардан көрсеткен. Сол зираттар не болды екен?
Legion68
Legion68 7 күн бұрын
Қандай батыр ол, кісі!? 90-ші жылдары басқа орысқұл бай адамдармен: Аблязов, Абілов, Субханбердин, соның ішінде Ескендір Хасанғалиевта бар - орыс мемлекеттік тілі болсың деп Елбасына хат жолдаған! Сол сатқын орысқұлдар, Ескендірда бар, қазақ тілі мемлекеттік тіл 👅 болғанына алаңдаушылық білдірді, "ұлт-аралық жан-жал болад" деп тастады ұранді сіздірдін советтік коммунист компазиторы. Ол ҚАЗАҚ ЕМЕС!
Alma Akhmetzhan
Alma Akhmetzhan 7 күн бұрын
Жаткан жери жарык болсын. Оте таур адам еди. Иманы жолдас болсын.
Рустам Макижанов
Иманды болсын 😔😔😔😔😔 жатқан жері жайлы болсын
Нурболат Кушкалиев
Ана омирде олен емес дінін билсе кітабын пайғамбарын билсе жаксы го
Нурболат Кушкалиев
Өлеңмен шығарып салама адам өлгенде дұрыс емес негізі
Соня Естемисова
Соня Естемисова 7 күн бұрын
Бул жалган омырде кым каладыдеисын,алдамшы оз озымызды алдаумен омыр суремыз,бугын туган наресте де кетеды уакыты келгенде
Соня Естемисова
Соня Естемисова 7 күн бұрын
Обидно мына жаман ауырудан кеткены кыиналып,о дуниеде гы уиыныз жарык болсын,жаныныз жанатта болсын агатаи кош
Ронн Еоор
Ронн Еоор 7 күн бұрын
Салем жолдаганша,Нурсултан ози келмейме.
Нуржан Кожиков
Нуржан Кожиков 7 күн бұрын
Роза Рымбаева?
Нуржан Кожиков
Нуржан Кожиков 7 күн бұрын
А где Нургали Нусипжанов???
Нуржан Кожиков
Нуржан Кожиков 7 күн бұрын
Ескендир Ага жаныныз жанатта болсын!!!
Ханбиби Набиева
Ханбиби Набиева 7 күн бұрын
Ескендир ага сизди арбир казак кимай коштасады жаткан жериниз жайлы иманды болыныз
Диана Искалиева
Диана Искалиева 7 күн бұрын
стольку народу и не штрафуют
Ерсайын Тажиев
Ерсайын Тажиев 7 күн бұрын
иманды болсын жатқан жері жәйлы болсын жаны жәнәттә болсын ағамызға
Маншук Шакенова
Маншук Шакенова 7 күн бұрын
Иманды болсын жаны жаната болсын
Guldana Moldiyarova
Guldana Moldiyarova 8 күн бұрын
Иманды болсын.Өте керемет кісі еді,өлеңдері кандай кушті
сара абдикалыкова
Портреті өзіне ұқсамайды екен
Алмаша Байгонова
Иманды болсын 🤲
Kipshakbay Kurmanov
Kipshakbay Kurmanov 8 күн бұрын
Өте қайғылы жағдай.Орныңыз Жаннатта болсын Ескендір ата.Атыңыз қазақ тарихында өшпейді.
Айка Нур
Айка Нур 8 күн бұрын
Оте катты Жаксы коретин едим. Корсем катты куанып кез келген анин бирге косылып айтып тындаушы едим. Жаткан жериниз жайлы болсын ага. Алла алдыныздан жарылкасын. Дарико апкемизбен баланызга, немерелеринизге омир берсин. 😭😭😭😭
Альберт Сафаров
Альберт Сафаров 8 күн бұрын
Он умер? ?
Карлыгаш Жуманазарова
Иманды болсын алдынан жарылкасын.
Жамиля Касымбекова
Ескендір аға қош болыңыз.Жатқан жеріңіз жәннаттық болсын.
Эльмира Нұрмаханқызы
Иманды болсын, жатқан жеріңіз жайлы болсын🤲
Bakhyt Kurmasheva
Bakhyt Kurmasheva 9 күн бұрын
Иманды болсын
Umbetov Live
Umbetov Live 9 күн бұрын
Ағамыздың жаны жəннатта болсын.
Umbetov Live
Umbetov Live 9 күн бұрын
Агамызд
Клейби Ютуб
Клейби Ютуб 9 күн бұрын
Жаны жаннатта болсын
Жумасулу Омирбаева
Ескендир агамыздай Атамекен анин Ким айтар екен???Жаны жаннатта болгай.Иманы жолдас болгай.Отбасына кайгысына ортактасып шын журектен конил айтамын
Созақ ҚАЗАҚ
Созақ ҚАЗАҚ 9 күн бұрын
Иманды болсын. Жерлеуге апара жатып ән салатындарына қосылмаймын, ол ән айтатын уақыт емес, тек қана АЛЛАДАН жарылқау тілейтін уақыт қой.
Аягоз Ахатова
Аягоз Ахатова 9 күн бұрын
Оз елім менін оз егім менін
Бекет Арыстанбаи
Алла жұмақты нәсіп етсін ағамызға.
Alisher Rahymberdiev
Alisher Rahymberdiev 9 күн бұрын
🆘🆘🆘 Ассалаумағалейкүм құрметті мейірімді жандар! 🆘🆘🆘 "Әр қазағым жалғызым" дейтін бауырлар! Міне кеше ғана өздеріңіз сияқты, нардай тулап жүрген қазақтың төл өнері "көкпар" ойындарына ат салысып шабандоз болған бауырымыз Шапантай Досымхан 2018жылы, көкпар ойынында жарақат алып, жұлын омыртқасына зақым келіп, өте ауыр күндерді басынан кешуде. Қазіргі уақытта диагнозға байланысты, ем шаралар өткізу бойынша Туркия мемлекеті, Стамбул қаласымен келіссөз жүргізілуде. "Көп түкірсе көл" демекші Қасиетті Рамазан айында, мұсылман бауырымызға қолдан келгенше көмек беріп, өз аяғымен жүріп келуіне бірінші дұғамен, екінші қаржылай қолдау көрсетіп демеп жіберейік бауырлар! Сіздің берген қаржылай көмектеріңіз, бір адамның мол қуанышы және алғысы. Құрметті мейірімді жандар, Қасиеттері Рамазан айында, жақсы істермен жарысайық бауырлар! Реквизиттер:💵💶💴 ИНН: 910608301826 💳Kaspi gold: 5169 4971 4547 5582 8(707)4407720 Әлішер Р. Диясұлы 💳Halyk bank: 4405 6377 6955 6145 ALISHER RAKHYMBERDIYEV ИНН: 910608301826
Жадыра Абетаева
Жадыра Абетаева 9 күн бұрын
Иманды болсын
Nina
Nina 9 күн бұрын
Иманды болсын, ал енді қалғандарына арақашықтық деп сайрап жүргендерге дұғай сәлем
Алберт Шарипов
Алберт Шарипов 9 күн бұрын
Иманды болсын жаны жанната болсын
Бекнур Кинг
Бекнур Кинг 9 күн бұрын
Қаза қайырлы болсын,қазақ елі.Ағамыздың жаны жәннетте болсын.Орнында бар оңалар деген......Әлі талай Ескендір келер өмірге,орны толар...
Ayan Ganiev
Ayan Ganiev 9 күн бұрын
Мактанамын!Осындай кисилер мен бир уакыт омир сургениме.Агамыздын жаны жанатта болсын,Иман жолдасы болсын!Журегимизде манги калады
Ерболат Батихов
Ерболат Батихов 9 күн бұрын
Иманды болсын!
Зекен Оразбакова
Иманды болсын
A A
A A 10 күн бұрын
Жаткан жери жайлы болсын. Жаны жанатта болсын. Балалык шагым Ескендир агамыздын андеримен откен еди. Орны толмас кайгы . От басына , туган туыстарына конил айтам арты кайырлы болсын.
Мадияр Шакирбаев
Мадияр Шакирбаев 10 күн бұрын
Иманды болсын!Қимаймыз ешкімді де .Алланың қалауы сол Аллаға бәріміз қайтамыз ерте ме кешпе. Аллахым күнәләрімізді кешіре көр,кешіруші Аллам!
Айнур Мукашева
Айнур Мукашева 10 күн бұрын
Жаныныз Жəнəттə болсын
GGG GGG
GGG GGG 10 күн бұрын
Иманды болсын, сенбеймин кайтыс болғанын а
Бақдәулет Шамухамбет
Қап әтең апаларымыз аталарымыз кетіп жатыр
Азат Azat
Азат Azat 10 күн бұрын
Иманды болсын 🙌
Адам Адам
Адам Адам 10 күн бұрын
ммм
Гаухар Анапияева
Гаухар Анапияева 10 күн бұрын
Жаның жәнәтта болсын Есаға
Bajn Syzdykbaeva
Bajn Syzdykbaeva 10 күн бұрын
Ескендір аға жаныңыз жаннатта болсын
how Janm
how Janm 10 күн бұрын
жасы каншада екен атамыздын
KZT Mira
KZT Mira 10 күн бұрын
Баласы басына тақия кисе кайтеді не дегенмен жаназа да тұргой
Алмагуль Балгамбаева
Иманды болсын
Дәулет кz
Дәулет кz 10 күн бұрын
Иманды бол ағасы.
Бакытханым Каскабасова
Призидент келсе болатын едиго
Sagyndyk Sveta
Sagyndyk Sveta 10 күн бұрын
Жаныңыз жаннатта болсын, Есаға! Өмірі де, өнері де өнеге болған абзал жанның отбасына Жаратушы иеміз жеңілдігін берсін
Айнура Аязбаева
Айнура Аязбаева 10 күн бұрын
Жүзі жарқын, өзі дара тұлға еді. Орны ойсырап қалғаны өкінішті 😰Жатқан жері жайлы топырағы торқа болсын.
Bagila Tuzelbekova
Bagila Tuzelbekova 10 күн бұрын
Жаны жаннатта болсын
Bella Zemskaya
Bella Zemskaya 10 күн бұрын
О таком композиторе, музыканте ВЕЛИКОМ ЧЕЛОВЕКЕ надо полнометражный фильм снять!!! Такое музыкальное наследие надо передать нашим потомкам. Пусть его труды будут знать из поколение в поколения!
Света Сартова
Света Сартова 10 күн бұрын
Иманды болыныз
Парасат Менликулова
Хош болыңыз Ескендір аға. Сіз әніңізбен мәңгі жасайсыз. Дарико ханым мен Біржан балаңызға қайғырып көңіл білдіремін😢
Мансия Мамаева
Мансия Мамаева 10 күн бұрын
Қош! Ескендір аға! Жаныңыз жәннатта болсын! Имнныңыз жолдас болсын! Барлық қазақ халқы үшін үлкен қайғы, жан-ұяңызға қайғырып көңіл айтамыз
Batyrbek Bolebaev
Batyrbek Bolebaev 10 күн бұрын
Иманды болсын, жаны жәннаттә болсын 🤲әумин.
Бейбитгул Даумшарова
Иманды болсын
Aktau KZ
Aktau KZ 10 күн бұрын
Әндерін жаттап өстік.көп өлеңін
Aktau KZ
Aktau KZ 10 күн бұрын
Хош болыңыз Ескендір аға
Aktau KZ
Aktau KZ 10 күн бұрын
Иманы серік болғай
Галым Косаев
Галым Косаев 10 күн бұрын
Әр қатардағы жауынгер Отан алдындағы борышын өтеу барысында Ескендір Хасанғалиевтың Атамекен әнімен қадым басып, Отанына деген жылы сезімі оянатын. Нағыз қазақтың патриоты! Иманды болсын, жатқан жері жайлы болсын, жаны жұмақта болсын!
Майраш С.
Майраш С. 10 күн бұрын
Иманды болсын
Жанар Каракожаева
Аллам о дүниенің рахатын берсін!
Жанылсын Акишева
Жанылсын Акишева 10 күн бұрын
Иманды болыңыз
Қыз Қудаша
Қыз Қудаша 10 күн бұрын
жаны жаната болсын
Едил Жайык
Едил Жайык 10 күн бұрын
Орал олкесинин урпагы,аскар тулга единиз, омирден озсанызда атыныз умтылмайды
Mzhna Mzhna
Mzhna Mzhna 10 күн бұрын
Иманды болсын
Галия Уалиева
Галия Уалиева 10 күн бұрын
Қош болыңыз, қимаймыз, әттең... Иманды болыңыз! Әндеріңіз, әр қашанда біздің жүрегімізде!!!
Sana Tokmurzina
Sana Tokmurzina 10 күн бұрын
Жаны жанатта болсын агамыздын!
Aiman Makhambetova
Aiman Makhambetova 10 күн бұрын
😰😰😰 ИМАНДЫ БОЛСЫН
Майгуль Чинарбаева
Алла алдынан жарылқасын. Иманы жолдас болсын
Асель Омаралиева
Асель Омаралиева 11 күн бұрын
Иманды болсын
DidarBG FANAT MATTSUN
DidarBG FANAT MATTSUN 11 күн бұрын
Жаны жәннатта болсын 🙏😭
Aidana Atyrau
Aidana Atyrau 11 күн бұрын
Аллаh алдыңыздан жарылқасын, иманыңыз жолдас болсын Аға🤲
Ермек Жекен
Ермек Жекен 11 күн бұрын
Елбасымен бірге жасап келген адам еді жерлеуіне Токаев екеуі келсе болатын еді ғой 😭бір жапырак кағаз жібергенше, жарты сағат уакыт бөлуге болатын еді , амал канша иманды болыңыз асыл аға🙏
Дина Ахметжанова
Дина Ахметжанова 11 күн бұрын
Жанны жанатта болсын
Мубина Матыбаева
Мубина Матыбаева 11 күн бұрын
Иманды болыңыз ,Ескендір аға сізді еліңіз ұмытпайды
Гульзира Ахметова
Ағамыздың арты қайырлы болсын, жаны жәнатта болсын? Ұлы тұлғамыздың есімі мәңгі өшпейді?
Клиент Мечта
Клиент Мечта 11 күн бұрын
Жаныныз жаннатта болсын.
Bakow Bakow
Bakow Bakow 11 күн бұрын
Жаныңыз жаннатта болсын!
Лаура Нұртаза
Лаура Нұртаза 11 күн бұрын
Жаныңыз жәннатта болсын, ӘН АҒА... 🤲🏻😥
Bauyrzhan Kenzhegaliev
Bauyrzhan Kenzhegaliev 11 күн бұрын
Иманды болсын! Карантин режимі кайда ? Кайгы болып жатыр, бірак карантин сакталуы керек, дистанция , адам санының шектелуі деген бар еді. Сөзім ауыр болмасын, жеке пікірім.
Айтжамал Мукашова
Ескендир ага! Жаткан жерыныз жайлы топрагыныз торка болсын! Сыз быздын журегымыздесыз! Быз сызды умытпаймыз!
Бахыткуль Оспанова
Жаныңыз жәннатта болсын Ескендір ата бүкіл казак елйне ауыр кайгы болды жарына улына кайгырып конйл айтамын
Jangabil Bakdaylet
Jangabil Bakdaylet 11 күн бұрын
Алдынан жарылқасын ағамыздың иманды болсын
Роза Алимова
Роза Алимова 11 күн бұрын
Атамыздың қазасы қайырлы болсын! Алла жұмақ төрін нәсіп етсін! Апамыз екеуі көркем махаббаттың үлгісін көрсете білген ұлы тұлғалар , апамызға, Біржан ағамызға Алла сабыр берсін! Ескендір атамыздың әндері әр қазақтың жүрегінде сақталады.
Нургуль Касанова
Нургуль Касанова 11 күн бұрын
Иманды болсын
Келесі
СЕРЖАНТ | СЕРИЯ 1
44:52
Рет қаралды 6 МЛН
Ескендір Хасанғалиев (2)
10:48
Рет қаралды 230 М.
Қош, Жанар!...
03:07
Рет қаралды 1 МЛН
СЕРЖАНТ | СЕРИЯ 1
44:52
Рет қаралды 6 МЛН